Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті — автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы.
Бұрынғы атаулары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Автомобиль жолдары департаменті (1994-1997) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік департаменті (1997-1998) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары департаменті (1998-1999) ҚР Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Автомобиль жолдары департаменті (1999) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитеті (1999-2000) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2000-2002) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (2002-2004) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi (2004-2007) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2007-2014) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2014-2018) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2018-2023) ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2023 бастап)
Міндеттері автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 11 басқармаcы бар (2023 жылға): Автожол саласы жобалары бойынша халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмыс басқармасы Ғылым және жұмыс сапасы басқармасы Құрылыс және реконструкциялау басқармасы Үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру басқармасы Қоғамдық коммуникациялар және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Концессия басқармасы Инвестициялық жобаларды дайындау басқармасы Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы Пайдалануға беру басқармасы Жергілікті желіні дамыту басқармасы Мемлекеттік кепілдікпен жобаларды іске асыру басқармасы
Қарамағындағы мекемелер «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дереккөздер
А