Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беретін сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы.
Тарихы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетінің құрамы 9 адамнан тұратыны, комитеттің төрағасын Президент, 4 мүшесін Үкімет, 4 мүшесін Парламент Палаталары екі-екіден 5 жылға тағайындайтыны жайлы айтылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы 19 сәуірдегі «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Жарлығымен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi құрылды.
1998 жылғы Конституцияға өзгерістерден кейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрамы 9 адамнан тұратын болды. Республика Президенті төраға мен 2 мүшесін, ал Парламент Палаталарының әрқайсысы 3 мүшесін 5 жылға тағайындайтын болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2022 жылғы 5 маусымда өткізілген республикалық референдум бойынша Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің саны мен тағайындау тәртібі өзгерген жоқ.
2026 жылы қабылданған Конституция бойынша Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін Президент Құрылтай депутаттарының келісімімен, ал төрағасын Президент өзі дербес тағайындайды.Қазақстан Республикасының Конституциясы
Міндеттері Халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру
Құрылымы Жұртшылықпен байланыс департаменті Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті Әлеуметтік салаға және құқықтық тәртіпке аудит жүргізу департаменті Квазимемлекеттік секторға аудит жүргізу департаменті Сапаны бақылау және бағалау департаменті Талдау және бюджетті бағалау департаменті Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті Заң департаменті Цифрландыру департаменті Ішкі қауіпсіздік департаменті Қаржылық қамтамасыз ету және ұйымдастыру-хаттамалық жұмыс департаменті Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы Персоналмен жұмыс басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Қарамағындағы ұйым «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС
Палата мүшелері Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты 1 Төрағасы — Әлихан Смайылов 1 сәуір 2024 2 Бақыт Әбілдинов 23 қыркүйек 2026 3 Рахымжан Ділдаев 12 наурыз 2025 4 Амангелді Есенов 6 наурыз 2025 5 Ғабиден Жақсылықов 23 қыркүйек 2026 6 Руслан Мелдебеков 23 қыркүйек 2026 7 Нұрлан Нұржанов 23 маусым 2016 8 Ардақ Теңгебаев 5 ақпан 2019 9 Юлия Энгель 16 маусым 2021
Төрағалары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Бақылау Палатасы (1993—1995) 1 99px Ғазиз Алдамжаров 1993 желтоқсан 1993 2 99px Амангелді Қажыбаев 1994 наурыз 1995 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (1995—2022) 1 99px Мүсірәлі Өтебаев наурыз 1996 қаңтар 2002 2 99px Жақсыбек Құлекеев 30 қаңтар 2002 14 маусым 2003 3 99px Омархан Өксікбаев 14 маусым 2003 21 қыркүйек 2012 4 99px Аслан Мусин 21 қыркүйек 2012 15 қаңтар 2014 5 99px Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 15 қаңтар 2014 12 ақпан 2017 6 99px Нұрмұхамбет Әбдібеков 14 наурыз 2017 20 ақпан 2018 7 99px Наталья Годунова 20 ақпан 2018 28 қараша 2022 Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (2022—) 1 99px Наталья Годунова 28 қараша 2022 1 сәуір 2024 2 99px Әлихан Смайылов 1 сәуір 2024 —
Жұмысшы-шаруа инспекциясының халық комиссиясы Николай Иванович Баландин (1920 ж. қазан – 1921 ж. маусым) Сергей Дмитриевич Сергеев (1921 ж. маусым – 1921 ж. қазан) Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков (1921 ж. қазан – 1924 ж. қаңтар) Александр Дмитриевич Авдеев (1924 ж. қаңтар – 1925 ж. қараша) Иван Титович Мороз (1925 ж. қараша – 1928 ж. ақпан) Иван Анфилиевич Богданов (1928 ж. ақпан – 1931 ж. қаңтар) Андрей Якович Фектер (1931 ж. қаңтар – 1932 ж. қазан)
Мемлекеттік бақылау халық комиссиясы Ақметжан Қойшығұлов (1940 ж. қараша – 1942 ж. ақпан) Пётр Григориевич Орехов (1942 ж. ақпан – 1943 ж. қаңтар) Ақай Оңғарбайұлы Оңғарбаев (1943 ж. қаңтар – 1946 ж. наурыз)
Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрлігі Ақай Оңғарбайұлы Оңғарбаев (1946 ж. наурыз – 1955 ж. маусым) Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов (1955 маусым – 1963)
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті Георгий Алексеевич Козлов (1963 – 1967)
Қазақ КСР Халықтық бақылау комитеті Георгий Алексеевич Козлов (1967–1971) Пётр Семёнович Канцеляристов (1971–1975, 1975–1980) Борис Василиевич Исаев (1982–1991)
Дереккөздер
Ж Санат:Жоғары қаржылық бақылау органдары