Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті — халықтың көші-қоны саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 1997 жылы ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды. 2004 жылы агенттік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті болып ұйымдастырылды. 2010 жылы комитет таратылып, 2013 жылы қайта құрылды. 2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып өзгертіліп, 2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. 2022 жылы Көші-қон комитеті министрлік құрамында қайтадан құрылды.

Міндеттері Өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысуҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы

Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): Этникалық көші-қон басқармасы Еңбек көші-қон басқармасы Сыртқы көші-қон және босқындар басқармасы Ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы басқармасы

Басшылары

Зауытбек Тұрысбеков (1997-1999) Алтыншаш Жағанова (1999-2004) Жазбек Әбдиев (2004-2008) Қабылсаят Әбішев (2009-2010) Саламат Аманбаев (2013-2014) Ақмәди Сарбасов (2014-2019) Ербол Нұрғалиев (2019-2022) Асқарбек Ертаев (2023-2024) Әсет Шонов (2024-2026) Эльдар Күзембаев (2026) Дінмұхамед Қылышпаев (2026-)

Дереккөздер

К