Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (2002)
ҚР Президентінің 1993 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. №28, 307-бап). ҚР Экономика және сауда министрлігін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бөлу жолымен оған өнеркәсіп, құрылыс, және сауда басқармасы, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Министрлікке сонымен қатар, қайта ұйымдастырылған ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің (жылу энергетика өнеркәсібі мен кен пайдалану саласындағы функциялары мен өкілеттіктерінен басқа) өнеркәсіп басқармасы жөніндегі, қайта ұйымдастырылған ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің шағын бизнесті қолдау саласындағы, қайта ұйымдастырылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы функциялары мен өкілеттіліктері берілді.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап). министрлік туралы ереже бекітілді және министрліктің мынадай ведомстволары құрылды: Сауда комитеті; Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитеті; Инвестициялар жөніндегі комитеті; Құрылыс істері жөніндегі комитеті; Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті; Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті. Құрылыс істері жөніндегі комитет пен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелеріне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.Ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнесті және инвестицияларды мемлекеттік қолдау, қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясат әзірлеуді және оны іске асыруды салааралық үйлестіруді, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: индустрия саласында, соның ішінде өнеркәсіптің тау-кен металлургия, химия, өндеу салаларында, саудада, сәулетте және қүрылыста, стандарттауда, метрологияда және сертификаттауда, инновациялық қызметте мемлекеттік саясат әзірлеу және оны іске асыруға қатысу; шағын бизнесті және инвестицияларды мемлекетгік қолдау; ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізінде өз құзіреті аясында өнеркәсіп және құрылыс салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу; сауда қызметін мемлекеттік реттеу саласында басымдықтар әзірлеу; өз құзіреті шегінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру және Еуразия Экономикалық Қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) және өзге де халықаралық сауда ұйымдары мен одақтарға мүшелік мәселелері жөнінде саясат әзірлеу және жүргізу; тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу; адамның өмір сүруінің және тыныс-тіршілігінің толыққанды ортасын қалыптастыру, әлеуметтік өндірістік, көліктік, инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; өнеркәсіп саласында ҚР ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу және іске асырылуын қамтамасыз ету; қорғаныс тапсырысын және конверсиялық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; сыртқы сауда қызметін реттеуге қатысу; отандық өндірушілерді қорғау жөнінде демпинге қарсы бақылауды және шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жүргізуге қатысу; экспорттық бақылау саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік органдардың шағын бизнесті қорғау саласындағы іс-қимылын үйлестіру; кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; өнеркәсіп, жобалау және құрылыс өнімін қоса алғанда, өнім сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлікті, инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау; ҚР-да инвестициялық саясаттың даму стратегиясын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ықтимал инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ұйымдарға жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап). Сауда комитеті, Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитеті, Инвестициялар жөніндегі комитеті, Құрылыс істері жөніндегі комитеті, Қорғаныс өнеркәсібі комитеті, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті туралы ереже және құрылымдары, сондай-ақ аумақтық органдарының — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. Сондай-ақ министрліктің ҚР Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетіне, ҚР Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті мүлкі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне, ҚР Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитеті мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетіне, ҚР Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті мүлкі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетіне беріле отырып таратылды.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныстық өнеркәсібі комитетін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 467 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 21-22, 211-бап). министрліктің Қорғаныс комитеті таратылды. Оның мүлкі (министрлікке берілген оргтехникалық және автокөліктен басқа) ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілді.
ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003 ж. № 26, 242-бап). министрлікке тиісті бағдарламаны инновациялық дамыту және іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жүктелді.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 951 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 38, 385-бап). министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелері министрліктің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелері болып қайта аталды. Сондай министрліктің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің де аумақтық бөлімшелері құрылды.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 қазандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 және 2003 ж. 20 қаңтардағы № 54 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 қазандағы № 1027 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 40, 425-бап). министрліктің құқықтық мәртебесі мен оның негізгі міндеттеріне өзгертулер енгізілді. Құқықтық мәртебесі мынадай редакцияда мазмұндалды: "Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты стандартгауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнесті және инвестицияларды мемлекетгік қолдау, қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау, елдің инновациялық дамуы саласында мемлекеттік саясат әзірлеуді және оны іске асыруды салааралық үйлестіруді, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады". Министрліктің негізгі міндеттері толықтырылды: инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау; қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу, инновациялық жобаларды іске асыру жөнінде ұйымдарға жәрдемдесу; инновациялық қызметтің дамуы мен инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық базаны қалыптастыру; ҚР экономикасы үшін стратегиялық мәні бар инновациялар мен инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құруға қатысу; инновациялық қызметті дамыту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 5 желтоқсандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 тамыздағы № 881 және 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 46, 505-бап). министрліктің құқықтық мәртебесі мен оның негізгі міндеттеріне қайта өзгертулер енгізілді. Құқықтық мәртебесі мынадай редакцияда мазмұндалды: "Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнесті және инвестицияларды мемлекеттік қолдау, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау, елдің инновациялық дамуы саласында мемлекеттік саясат әзірлеуді және оны іске асыруды салааралық үйлестіруді, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады". Министрліктің қорғаныс тапсырысын орындауға қатысты міндеті жаңа редакцияда мазмұндалды: "мемлекеттік қорғаныс тапсырысы мен конверсиондық бағдарламаларды қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу".
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 48, 541-бап). министрліктің құқықтық мәртебесі мен оның негізгі міндеттеріне қайта өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Құқықтық мәртебесінің жаңа редакциясы мынадай мазмұнда болды: "Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саласын стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнесті және инвестицияларды мемлекеттік қолдау, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау, елдің инновациялық дамуы саласында мемлекеттік саясат әзірлеуді және оны іске асыруды салааралық үйлестіруді, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады". Министрліктің негізгі міндеттеріне сәйкес толықтыру (тұрғын үй-коммуналдық саласы) енгізілді.