ДИСКЕТТЕРДІ ЕНТАҢБАЛАУ (Разметка дискеты; floppy disk formatting) — магниттік дискіні жұмысқа алғаш дайындау. Ол сызықжолды секторға жіктеуден, ақпараттық өрісті белгілі бір кодпен толтырудан, нөлдік сызықжолға бастапқы жүктемені жазудан, жүктеуіштен және кейбір жүйелік мәліметтерден тұрады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника