Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (, Алматы — , Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).
Өмірбаяны Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды. 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді. 1947–1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды. 1956–1957 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. 1971–1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші. 2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Шығармашылығы Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
Сомдаған рөлдері 1949 – Тыгрена ("Аласталған Алитет") 1957 – Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957) 1959 – Тана ("Бір түні", 1972) т.б.) 1971 – Қыз Жібек - Айгөз, Жібек анасы 1972 – Уайымдаған жас – Анвардың анасы
Марапаттары 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді; 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі; 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені; 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді; КСРОның «Еңбек ардагері» медалі; 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды; 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды; 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институты түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстан халық суретшілері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан киноактрисалары