Вена синусы (sinus venosus) — 1) моллюскалар, шаянтәрізділер сияқты кейбір омыртқасыз жәндіктердің вена қаны орналасқан қуысы; 2) ланцетник тәрізді жүрегі жоқ организмдерде вена синусы деп вена қанын жинап, бірден құрсақ қолқасына құятын сыңар тамыр айтылады; 3) дөңгелекауыздылардың, балықтардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың кейбіреулерінде вена синусы деп жүректің ерекше бір бөлігі айтылады; 4) құстар мен сүтқоректі хайуандарда вена синусы жүректің оң жақ жүрекшесіне жатады.Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев Тағы қараңыз
Дереккөздер
Санат:Биология Санат:Қанайналым жүйесі
de:Sinus venosus