Сингапур бұғазы — Малакка түбегінің оңтүстік шеті мен Сингапур аралының және Риау топаралының аралығындағы бұғаз. Оңтүстік Қытай теңізін Малакка бұғазымен жалғастырады. Ұзындығы 114 км, ені 12-ден 37 км-ге дейін жетеді. Кеме жүзуге қолайлы, ең терең жері — 22 м. Сингапур бұғазы — Оңтүстік Азияны Шығыс Азия, Америка және Австралия порттарымен, Шығыс Азияны Еуропа және Африка порттарымен байланыстыратын маңызды теңіз жолы.

Санат:Азия бұғаздары Санат:Тынық мұхит бұғаздары