Сахабалар ( көпше түрінде, жеке түрі صحابي — дос, жолдас) — арабшадағы схб түбірінен туындаған көпше түрдегі есім сөз, жекеше түрі — сахаби, Ислам дінінің соңғы пайғамбары Мұхаммед серіктеріне берілген атақ. Сахаба (етістігі) серік, жолдас, дос болу және сұхбаттасу деген мағынаны білдіреді.Ибн Манзур, Лисануль Араб, Каир. 2400-1, схб. Мейлі аз, мейлі көп болсын, сұхбаттасқан адамға осы есім беріледі.
Терминдік мағынасына келсек, С. Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарды көрген, аз уақыт болса да оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды өткен «сахабаға» жатады.
Сахабалар thumb|right|220px|Осман сөзінің арабша жазылуы, Стамбұл, Айя София thumb|right|220px|Мұхаммед (оң жақта) және Әли (сол жақта) сөздерінің арабша жазылуы
Асхаб деп Мұхаммед с.ғ.с мен қатар жүрген, бірге жорықтарға қатысқан адамдарды айтады. Асхабтар тұңғыш мұсылман әскерін құрушылар, алғашқы қолбасшылар еді. Бұлардың алғашқылары муhажирлер (Мұхамед с.ғ.с мен бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударғандар) және ансарлар ислам дінін таратуда маңызды рөл атқарды. А-тарға әмірлік, әскери қолбасшылық қызметтегі жоғары лауазымдар берілді. Жай халық айына 300 дирhам алғанда, оларға 3 мыңнан 5 мың дирhамға дейін жалақы төленді. Омар халиф тұсында Асхабтар саны 10 мыңға жетті. Бұлар Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың хадистерін насихаттады. Ислам тарихына өшпес із қалдырған А-тар жайлы кітаптар жазылып (9 ғ.), олардың өмірбаяндары, ізгілікті іс-әрекеттері хатқа түсірілген. А-тардың бірсыпырасы әулие атанып, қабірлері қасиетті орынға айналған.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ең бірінші Исламды қабылдаған сахабалар Ер кісілерден — Әбу Бәкір Балалардан — Әли ибн Әбу Талиб Әйелдерден — Хадиша бинт Хууайлид Азаттық алған құлдардан — Зәйд ибн Хариса Құлдардан — Билал ибн Рабах
Сахабалардың "мұһажирлер" және "ансар" аталуы Мұһажирлер
Пайғамбарымызға Пайғамбарлық келгеннен кейін ең алғаш иман келтіріп, бүкіл қиындықтарға қарамастан Аллаһ пен Расулдың қауіпке толы жолында ешнәрседен тайынбағандар. Ақиқат дінінің дәстүр талаптары бойынша өмір сүре білу үшін Меккенің алынуынан бұрын Меккеден Мединеге туған жер, бала-шаға, шаруа кәсіптерін Аллаһ үшін тастап кешкен әзиз жандар. Олар - Исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет атқарыл, өшпес із қалдырған, Аллаһтың ризашылығына және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне ие болған ардақтылар. Мекке азат етілгеннен кейін һижрет ету біржолата тыйылса да, алғашқы муһажирлердің даңқтары, мәртебелері мәңгі сақталып қалды. Муһажирлік дәреже - ең жоғарғы дәрежелердің бірі болды.Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 14-бет.
Құранда мұһажирлер жайлы "Сонда, Раббылары олардың дұғаларын қабыл етіп (айтты): "Әлбетте, Мен сендерден бірде-бір амал істеушіні" - ер кісі яки әйел адамның амалын жоймаймын. Өйткені, (сендер) бір-біріңненсің (яғни, ер кісі әйелден, әйел ер кісіден дүниеге келген)". Ендеше, отандарынан ауып, жұрттарынан қуылған, Менің Жолымда жапа шеккен және (Менің Жолымда) соғысып, өлтірілгендердің күналарын өшіремін және оларды астарынан өзендер ағып тұратын бау-бақшаларға кіргіземін. Бұл Аллаһ хұзырынан болған сауап-сый болады. Өйткені ең көркем сауап-сый Аллаһтың хұзырында". Құран Кәрім, Әли Имран сүресі, 195-аят.
Ансар
Ансардың сөздік мағынасы - жәрдем ету. Терминдік мағынасы - Ислам діншіл дәстүрлері бойынша өмір сүріп, оны таратуға Меккеден Мединеге кешкен Пайғамбар мен муһажирлерді ыстық ықылас пен құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алған, оларды өздерінің күйбең тіршіліктерінен де жоғары қойып, барын солармен бөлісіп, колынан келген жәрдемдерін аямай, муһажирлермен бауыр болып, бауырлары үшін қилы-қилы қиындықтарға төзуге - ризашылыгын білдірген сахабалар. Олар өмірлерінің соңына дейін Ислам жолында қызмет етті. Ансарлардың көмегінің арқасында муһажирлер мұқтаждықты білмеді, бір-біріне жәрдемдесулері мен жанқиярлықтарының дәнекерлігімен Ислам мейлінше құрылып, аз уақыттың ішінде һәм рухани, һәм материалдық жағынан басқа мемлекеттерді басып озды. Ансардың жасаған жақсылықтары Құранда ерекше аталып, олар жайлы: «Міне, нағыз құтылушылар осылар», - делінген.Хашр сүресі, 9 аят Ансардың дәрежелерін Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай бағалап, аңғартқан: «һижрет болмағанда мен ансардың қатарынан табылар едім. Барлық адамдар бір жолға, ансар да басқа жолға түссе, мен ансардың жолымен жүрер едім. Аллаһым, ансарды, балалары мен олардың ұрпақтарын да қорғай гөр».Бұхари, Сахахи, Бейрут, манақибуль ансар. 1,2. Муслим, Сахих. Бейрут, зекет 132-141.
Муһажирлердің көшуі және ансардың оларға жәрдем етіп, қолдауының нәтижесінде Аллаһ Расулы (с.а.у) Мединеге кешті. Осылайша Медине Ислам көтерілісінің орнығуы мен таралуының орталығына айналды. Ислам шуағын тарату өрт. болған бұл қала «Медине мунаууара» (нұрлы қала) деп аталды.В.Йылдыз, Хидает йылдызлары, Измир, 2002, 4-5
"Суффа" сахабалары Мұхаммед пайғамбардың Мединеде салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарын көлеңкелік баспана жасатқан. Көлеңкелік араб тілінде "суффа" деп аталады. Осы жерде тұрғандар "асхабы суффа" суффа сахабалары деп аталды. Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өз өмірін құран үйреніп, пайғамбардан Құран, хадис және басқада діни ілімдерді терең меңгерумен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын пайғамбардан естігендерін жаттап, кейінгілерге жеткізу жолында өткізді. Пайғамбардың білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар Исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты.Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 16-бет.
Атақтылары Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурайра, сонымен қатар Бәрә ибн Малик, Абдуллаһ ибн Үнәйс сынды ғалым, тақуа сахабалар шықты. Құран кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкіл қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.
Дәрежелері Аз уақыт болсын Пайғамбарымызды (с.а.у.) көзі көріп, иман еткен адам «сахаба» деп аталғанымен Ислам дінінің кең тарап, қанат жаюы жолында танытқан ерен ерліктері мен жанқиярлығы жағынан дәрежелері әртүрлі С-лар бар. Дін жолындағы бүкіл соғыстарға немесе кейбіреулеріне қатысулары, Аллаһ Расулымен (с.а.у.) бірге мүшріктерден жапа шегіп, олардан азап көрулері, малмүліктерін, бала-шағалары мен үй-жайын тастап, басқа мемлекетке көшуге мәжбүр болуы, сол сияқты дін жолында шейіт болуы тұрғысынан алғанда, олардың арасындағы сахабалар дәрежелерінің әртүрлі болуы табиғилық. С-лардың арасындағы бұл дәреже айырмашылығын хадис ғалымы Хаким ан-Нисабури былайша көрсетеді:Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 18-бет. Хулафа-ур Рашидин (Әділетті 4 халифа: Әбу Бәкір, Омар, Ос.ман, Әлгі) және солармен бірге алғаш иман келтіргендер. Бұлардың ішінде көздерінің тірісінде жәннатпен сүйіншіленген он сахаба (әл-ашарат-ул мубашшарату) және олардан кейінгі 6 кісі. Дар-уль Аркам асхабы. Бұлар - Омар ибн Хаттабтан бұрын иман келтіріп, мұсылман болғандықтарын жасырын ұстап, Аркам ибн Әбул-Аркамның үйінде жиналғандар. Мұсылман болғандықтары үшін Меккеде зорлық көріп, лажсыз Эфиопияға һижрет (көш) жасағандар. «Бірінші Ақаба сертіне» қатысып, Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрген, Оған иман келтірген және серт беріп, қол алысқан ансардың алғашқылары. «Екінші Ақаба сертінде» Пайғамбарымызбен (с.а.у.) кездесіп, өмірінің соңдарына дейін оны қорғап-қолдауға сөз берген мұсылмандар. Олардың көпшілігі ансар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мединеге жетпес бұрын Құбаға келгенінде, Оған (с.а.у.) келіп қосылған алғашқы муһажирлер. Бәдір шайқасына қатысқандар. Бәдір шайқасы мен Худайбиия оқиғаларының тұсында һижрет жасағандар. Ридуан сертіне қатысқандар. Худайбиияда ағаштың астында Пайғамбарымызға ант бергендер. Құранда олар жайлы: «Шынында Аллаһ ағаш астында саған серт берген мүминдерге разы болды» делінсе, Пайғамбарымыз «сендер бүгін жер бетіндегі ең қайырлы жандарсыңдар»,- деген. Худайбиия келісімі мен Меккенің алынуы арасындағы уақытта һижрет еткен сахабалар. Бұлардың арасында Халид ибн Уәлид, Амр ибн Ас және Әбу һурәйра сияқты белгілі Сахабалар бар. Мекке алынған кезде және одан кейін мұсылман болғандар. Пайғамбарымызды Меккенің алынуы кезінде және қоштасу қажылығында көрген жас балалар.Хаким, Мағрифату улумуль хадис, 22-24.
Жалпы саны Пайғамбарымыз көз жұмған кезде өмір сүрген Сахабалардың жалпы саны жайлы нақты мәлімет жоқ десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классик, кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 20-бет.
Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тэбук жорығына 70 мың С-ның қатысқандығы жайлы Ислам тарихын байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Имам Шафи'и Пайғамбарымызды (с.а.у.) көріп, Одан хадис риуаят еткен сахаба санының 60 мың болғандығын айтады. Меккенің алынуынан бұрын қайтыс болған сахабалардан өзге, Меккенің алынуы кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген. Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым - ибн Хажар. Ол «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды.И.Атасой, М,Паксу, Сахабилер ансиклопедиси, Иени Асия, Стамбул. 1993, 1;19
Сахабалар жайында жазылған негізгі шығармалар Сахабалар жайында жазылған негізгі шығармалар Кітап авторы туған, қайтыс болған жылдары-Һижри жылымен Кітаптың атауы Жазылған тілі Ескерту Ибн Сағд 168-230 Табақатуль кубра Араб тілінде Абу Нуғайм әл-Исбахани 330-403 Хилятуль Әулия Араб тілінде Әбу Омар ибн Абдулбарр 368-463 әл-Истиғаб фи мағрифатиль асхаб Араб тілінде Иззуддин ибе әл-Асир 555-630 Усдул ғаба фи мағрифатиль асхаб Араб тілінде Ибн Хажар әл-Асқалани 773-852 әл-Исаба фит тамиизис сахаба Араб тілінде
Құран кәрімдегі сахабалар жайлы аяттар Сахабалар ерліктері, табандылықтары мен шынайылықтарын мадақтап, дәрежелерінің қаншалықты жоғары екендігін кейінгі ұрпаққа білдіру үшін Аллаһ Құран кәрімнің көптеген аяттарында сахабалар туралы баяндалған. Олар - ең қайырлы үмбет. Бұл жайлы "Әли Имран" сүресінің 110 аятында:
"Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер" Құран кәрім, Әли Имран сүресі, 110-аят.-делінген.
"Мұхаммед Аллаһтың пайғамбары. Онымен бiрге болған (момын)дар кәпiрлерге қатаң, өз араларында (момындармен) болса, рахым-мейiрiмдi. Оларды әрдайым Аллаһтан кеңшiлiк-мәрхамат және разылық тiлеп бас иiп, сәжде етiп жатқан халдерін көресiз. Олардың беттерiнде сәжде iзiнен (қалған) белгiлерi бар. Мiне, осы (яғни, кәпiрлерге қатаң болу, момындарға мейiрiмдiлiк көрсету және көп намаз оқып бас иiп-сәжде ету) олардың Таураттағы мысалдары (яғни, Тауратта да Аллаһ тағала момындарды, мiне, осындай сипаттармен сипаттаған). Олардың Iнжiлдегi мысалдары болса, дәл бiр бұтақтар шығарып, қуатқа кiрген соң, жуандап, өз денесiнде тiк тұрған, диқандарды таңдандырған өсiмдiкке ұқсайды. (Момындардың әуел-баста әлсiз азшылық болып, кейiн бiрте-бiрте көбейiп, күшке толып кетулерi Iнжiлде, жоғарыда айтылғандай өсiмдiкке ұқсатылды) олар арқылы кәпiрлердi ызаландыру үшiн, Аллаһ (момындардан) иман келтiрiп, игi амалдар iстегендерге жарылқау және ұлы сауап-сый уәде еткен".Құран кәрім, Фатх сүресі, 29-аят..
"Иман келтірген, һижрат қылған және Аллаһтың жолында күрескендер және (мүһажірлерге) үй-жай беріп, жәрдем қылғандар, міне, солар шындығында момындар болып, олар үшін жарылқау мен ұлы несібе бар".Құран кәрім, Әнфал сүресі, 74-аят..
Аллаһ тағала олардан разы болғандығы жайлы мына аяттарда былайша баяндалады: