Ақжігіт — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиясы Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км жерде орналасқан. Ауыл оңтүстігінде бұталы тоғай шоғырлары өседі.Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том
Тарихы Ауыл 1969–1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін КСРО-ға 60 жыл атындағы кеңшардың орталығы болып келді.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2496 2556 2025
Инфрақұрылымы «Сам» орман шаруашылығы және өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын мекеме, «Бейнеугаз» ЖШС-нің бөлімшесі, Бейнеу электрмен қамту жүйесінің бөлімшесі, темір жол станциясы мен мекемесі бөлімшелері жұмыс істейді. Ауылда 2 мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мұражай, мәдениет үйі, пошта, телефон станциясы, телехабар тарату орталығы бар. Ауыл жанында шекарашылар заставасы орналасқан.
Ауылдық округтегі жеке және шаруа қожалықтарындағы мал басы саны: қой мен ешкі – 26 020 бас, жылқы – 2 296 бас, түйе – 3 581 бас, сиыр – 400 басқа тең. Кеңшар негізінде Ақжігітте 19 шаруа қожалығы жұмыс істеудеАқжігіт ауылдық округі əкімінің есебі .
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері