Кеніш апатынан құтқару — шахта қызметкерлері мен кен апатынан құтқару бөлімдері орындайтын арнайы жұмыстар. Кеніш апатынан құтқарудағы негізгі міндет – адамдарды құтқару және апат зардабын жою. Бұл апаттарға жер асты өрттері, көмірдің және басқа тау жыныстарының кенеттен опырылуы, тау соққысы, жер үсті, жер асты суларының, қорыстардың кен қазбаларына оқыс құйылулары, т.б. жатады. Құтқару және апатты жою жұмыстарын, негізінен, өте қауіпті шахталар мен нысандарда ұйымдастырылатын, арнайы даярлықтан өткен арнайы жасақтан құрылған әскерилендірілген құтқарушы бөлім жүзеге асырады.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Кеніш апатынан құтқару · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.