Кеңқияқ — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Кеңқияқ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 74 км-дей жерде, Темір өзенінің оң жағалауындағы көкпек, қара жусан, бұйырғын өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4777 адам (2226 ер адам және 2551 әйел адам) болса, 2009 жылы 4954 адамды (2414 ер адам және 2540 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6015 адамды (3094 ер адам және 2921 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл шаруашылығы 1961 – 1997 жылдары “Кеңқияқ” қой өсіретін кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Кеңқияқта және осы кенттік әкімшілік округіне қарасты Бәшенкөл ауылында шаруа қожалықтары, ЖШС құрылған. Кеңқияқта мұнай-газ құбырын шегендеу басқармасы, көлік, құрылыс-құрастыру басқармалары, техникалық жөндеу шеберханасы, мұнай айдау стансасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Инфақұрылымы Орта мектеп, әуежай, интернат, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, дәріхана, сауда орындары, т.б. мекемелер бар.

Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе – Шұбарқұдық – Қандыағаш – Темір – Кеңқияқ - Шұбарши - Жаңажол автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері