Қырауқамыс — Нұра алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының орталық бөлігінде, Жараспай ауылының батысында 28 км жерде, теңіз деңгейінен 385 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 6 км2, ұзындығы 4,5 км, ендірек жері 2,5 км. Жағалық сызығының ұзындығы 12,8 км, су жиналатын алабы 94 км2. Ең терең жері 2 м. Қар және жер асты суымен толығады. Мұзы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 2-жартысында түседі.

Жағалау сипаты Жайпақ жағалауында құрақ, қияқ, қамыс өскен. Түбі лайлы. Суытұщы, жұмсақ, мал суаруға пайдаланылады. Балықтан табан бар. Құрақ қопаларын ондатр, үйрек, қаз мекендейді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы