Қалжыр – Қара Ертіс алабындағы өзен.
Этимологиясы Тілші ғалым Еркебай Қойшыбаев: "Қалжыр - түркі тайпаларының көне және қазіргі ру-тайпа аттары" деген дерек келтіреді. Түркітанушы ғалым А.С.Аманжолов: "Алтай тілінде қалжыр "асау, долы, буырқанған" мағынасын беретінін айтады. Шындығында Марқакөлден ағып шығатын бұл жалғыз өзеннің бұралаңдап, қисық ағуы, орта тұсынан 90 градусқа жуық бұрылып алып, оңтүстікке қарай бет алатыны атауына себеп болған. Атап айтқанда моңғол тілінде галжир "қисық", "қыңыр" сөзі Қалжыр гидронимін туғызады.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында. Ұзындығы 122 км, су жиналатын алабы 3200 км2. Бастауын 1500 м биіктікте
Бастауы Марқакөл көлінен алып, Боран ауылының тұсында Қара Ертіс өзеніне құяды. Қалжырдың 38 саласы бар. Бастылары: Ақкеткен, Шұқырқалжыр, Қараағаш, Балақалжыр, т.б.
Гидрологиясы Аңғарының басым бөлігі тар, шатқалды. Жаңаауыл ауылынан төменде аңғары 10 – 13 км-ге кеңейеді. Жылдық орташа су ағымы 21,5 м3/с. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Төменгі ағысының алабы жайылымдыққа пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Күршім ауданы өзендері