Арамсарбас , Волош аскөгі, фенхель () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын балдырған гүлдес, гүлшоғыры шатырша болып келетін шөптесін өсімдік. Бұдан эфир майы алынады. Мұны кейде фенхель (қара) деп те атайды.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТ БАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Фенхель — жемісі аспаздықта қолданылатын өсімдік. Жемісі жағымды хош иісімен, тәттілеу дәмімен адамның тәбетін ашады және ас қорытуды жақсартады. Фенхель жапырақтарын дәм беру үшін көжелерге, соустарға және салаттарға қосады. Ұнталған жемісін қуырылған етке себеді. Жемісінен өсімдік майын алады, оларды кондитер өнімдерін және ликер дайындауда пайдаланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Түрлері Foeniculum capense – Foeniculum divaricatum – Foeniculum dulce – Foeniculum giganteum – Foeniculum graecum – Foeniculum kraussianum – Foeniculum luteum – Foeniculum multiradiatum – Foeniculum peucedanoides – Foeniculum piperitum – Foeniculum rigidum – Foeniculum salsum – Foeniculum scoparium – Foeniculum subinodorum – Foeniculum tortuosum – Foeniculum webbii – Foeniculum virescens – Foeniculum vulgare – кәдімгі арамсарбас
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер