Петропавловск педагогика институты– жоғары оқу орны. 1955 ж. Петропавл мұғалімдер даярлайтын институтының (1937 ж. құрылған) негізінде құрылды. 1980–90 ж. аралығында студенттерді 15 мамандық бойынша даярлайтын 5 ф-т болды. 1979 ж. Мәскеу мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды. Институттың 30-дан астам оқытушысы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, кандидат диссертациялар қорғады. 1994 ж. Институт Солтүстік Қазақстан мемлекетіік университетінің құрамына кірді."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>