Болсынай Дауылбаева (1909 – 1984)Қазақ энциклопедиясы– шопан, Социалистік Еңбек Ері (29 наурыз 1958). 1909 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қызылқұм ауылында туған.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан. Еңбек жолы 1928 – 1960 жылдары Түркістан облысы, Қазақстандағы алғашқы қаракөл қойын өсірумен айналысқан Шымқорған совхозында шопан, аға шопан болды. 1942 жылы майданға аттанған күйеуі Тұрлыбектің отарын қабылдап алып, оны шығынсыз өсіріп, көбейтеді және мәскеулік ғалымдарға қаракөл қойлары үшін эликсир жасауға көмектеседі. Бұл препарат қаракөл елтірісін молынан өндіруге ықпал етеді. 1961 – 1964 жылдары Шымқорған кеңшарының қой фермасының меңгерушісі болды. 1965 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шығады. Оңтүстік Қазақстандық жазушы Ф.Чирва Болсынай Дауылбаеваға арнап "Время рассудит" атты деректі повесть жазған.Утяганов А. Героини тыла. // Южный Казахстан. – 2006. – 8 мамыр. – С.3.
Марапаттары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (29 наурыз 1958)
Тағы қараңыз Социалистік еңбек ерлері
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері