Тұрсынбай датқа (2018 жылға дейін — Ботабай)Шиелі ауданының кейбір ауылдарын қайта атау туралы — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Қоғалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланып, ауылдың алғашқы аты "Боқтыөлең" деп аталған. Кейін "Ботабай" деген атау берілген. 2018 жылы ауылға 19-ғасырда бір бүйірін орыс, бір бүйірін Қоқан билеушілері қысқан кезеңде өмір сүрген сөз ділмәр әрі жаужүрек батыр, мәртебесі жағынан төртінші тұлға болып саналатын "датқа" деген абыройлы атаққа ие болған Тұрсынбай Бүркітбайұлының есімі беріліп "Тұрсынбай датқа" деп аталды.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1013 адам (502 ер адам және 511 әйел адам) болса, 2009 жылы 1348 адамды (670 ер адам және 678 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін «Гигант» ұжымшары бөлімшесінің ортуған болған. Бөлімше негізінде Ботабайда шаруа қожалықтары жұмыс істеді. Ауыл жанынан Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері