Кенесары — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Кенесары ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде, Қылшықты өзенінің сол жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қиыршық тасты қара топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18291598 1447 90,6 783 725 92,6 827 722 87,3
Тарихы Іргесін 1879 жылы "Хан" ауылы орнына қаланған. 1957 жылдан "Жамантұз" астық шаруашылығы, 1976 жылдан "Жамантұз" ет өндіру бағытындағы кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде ЖШС, шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, 2 клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы елді мекендері