Сұлтан Шаханұлы Аманов (27.8.1933, Қазалы ауданы, қазіргі Жанқожа батыр ауылы – 29.10.1990, Алматы қ.) – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисі.

ҚазМУ-дың экономика факультетін (1957), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1980) бітірген. 1957–59 ж. Қазалы ауыл шаруашылық техникумында оқытушы, сырттан оқыту бөлімінің меңгерушісі, 1959–63 ж. Қызылорда облыстық комсомол комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы, 1963–66 ж. Шиелі аудандық партия комитетінің хатшысы, Жалағаш ауданының атқару комитетінің төрағасы, 1966 – 72 ж. Қызылорда облысының халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1972–78 ж. Жалағаш аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1980 жылдан Республикалық кәсіптік-білім беру комитеті төрағасының орынбасары, Халықты еңбекпен қамтамасыз ету комитеті төрағасының 1-орынбасары болды. 1967–80 ж. Қызылорда облысы кеңестің депутаттығына сайланған.

Ленин, 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:27 тамызда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:29 қазанда қайтыс болғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген экономистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері Санат:Қазалы ауыл шаруашылық техникумы түлектері Санат:Қазақсстан ЛКЖО Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Жалағаш аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Жалағаш аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері