Бисембай Мамайұлы Ысқақов (25.3.1948 жылы т., Қостанай облысы Таран ауданы Смайловка а.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997).
ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ тау-кен институтының (1974, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) аспирантурасын бітірген. Қазақ тау-кен институтында инженер, аға ғылыми қызметкер, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор (1971–97) болды. 1997 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызмет атқарады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:25 наурызда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Бейімбет Майлин ауданында туғандар Санат:Қазақстан физиктері Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары