нобай|оңға|Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайындағы Исмаиловтың әскери формасы, Астана, Қазақстан

Әнуар Исмаилов (1938 жыл, Сарыағаш ауданы) — кеңестік және қазақстандық әскери қызметкер, тарих ғылымының докторы (1989), профессор(ы) (1991).

Исмаилов Рига қаласындағы Қызыл Тулы Жоғары артиллериялық инжинерлік училищені (1962), Мәскеу қаласындағы Әскери-саяси академияның адъюнктурасын бітірген (1976). 1962–1991 жылдары Байқоңыр космодромында, Семейдегі ракета әскерлерінде қызмет істеді, Ташкент Жоғары танк командалық училищесінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының бастығы болды. 1991–1997 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында профессор, кафедра меңгерушісі, проректор. 1997 жылдан ҚР шекара әскерлері әскери институтының профессоры. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен, медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер