Зинеден ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылға дейін Забурын ауылдық округі деп аталған.Атырау облысы Исатай ауданының Забурын ауылдық округін қайта атау туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Зинеден (Забурын), Амангелді ауылдары кіреді. Орталығы – Зинеден ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1278 адамды (657 ер адам және 621 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Зинеден 525 897 1104 1242 Амангелді 150 195 145 36
Сипаттамасы Зинеден ауылдық округі аумағы оңтүстік жағында Каспий теңізімен, шығысында Нарын ауылдық округімен, батысында Исатай ауылдық округімен және Құрманғазы ауданымен шектеседі. Зинеден ауылдық округінің жер аумағы 22 334 га., округ аумағынан «Кобяково-Забурын» каналы өтеді.
Тарихы Іргетасы 1930 жылдардың басында құрылған Забұрын ауылдық кеңесінен бастау алады. Мақаш Бекмұхамедов басқарған Теңіз жағалау округі 1886 ж. екіге бөлінген кезде, I Теңіз жағалауы округі орталығы қазіргі осы селолық округке қарайтын Кемел деген жерге орналастырылып, округке 16 болыстық ел бағындырылған. Алғашқы әкімі Уалитхан Танашев, кейін 6 ай уақытша Әтембек Сауғабайұлы, 8 жыл Молдағали Шынтаев, 2 жыл Әжіғали Шынтаев қызмет жасады. 1896-1907 жж. әкім болған Аманғали Жоламанов Қызылбастан батаға салам деп несие қарыз алып, кейін оны өтей алмай, үй-мүлкі тәркіленіп, сотталып кетті. 1908 ж. әкімдікке Ордадан Мұқанәлі Шынтеміров жіберіліп, небары 8 ай қызмет жасады. Бұл округті Қайырлы Құрманбаев 12 жыл үздіксіз басқарып, халық қошаметін иеленді. 1916 ж. маусымда патшаның майданға жұмысқа қазақ жігіттерін алу жөніндегі жарлығына қарсы Өтепқали Дінбаянұлы бастаған көтеріліс осы округтің Саға, Ақай деген жерлерінде ұйымдастырылды. Бүгінде осы тарихи орындарда ескерткіш белгілер орнатылған. 2019 жылы Зинеден ауылдық округі болып өзгертілді.
Әлеуметтік нысандары Округ орталығында 320 орындық типтік жобадағы орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, балабақша, клуб үйі, 2 кітапхана, бір телетаратылым, «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ бөлімшесі халыққа қызмет жасауда. Округ көлемінде «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының №4 цехы, «Светланд-Ойл» ЖШС-і және «Төбе-Арал» ЖШС-терінің май құю пункттері, «Жамбыл» өндіріс кооперативінің балық қабылдау және оны өңдеу цехы жұмыс жасауда (2018).Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0 2014 ж. желтоқсан айында ауыл тұрғындары түгелдей «Ақбұлақ» бағдарламасымен толықтай ауызсуға қосылды.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Округте 6 шаруа қожалығы тіркеліп, мал шаруашылығын өркендету жұмыстары қарқынды дамып келеді. 6 дүкен, 4 кафе, бір АЗС, бір ТЖО, тойхана, т.б. жұмыс жасайды
Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері Болат Ахметұлы Кұсайынов; Аслан Жарылғасұлы Ғұбашев.
Зинеден ауылдық округінің жер-су атаулары Ақай — көне қоныс орны. XIX ғасырдың басында Каспий теңізі жағасында он шақты үй балықшы отбасы отырған, Забурын ауылдық округінің аумағына кіреді. 1916 жылы патша үкіметіне қарсы ереуіл болған жер. Қарабөлек ауылы — Забұрын ауылдық округіне карайтын теңізге жақын орналасқан жер атауы.
Дереккөздер
Санат:Исатай ауданы ауылдық округтері