АҚЖОЛОВ Мырзағали (1916, қазіргі Жалағаш ауданы Жаңаталап а. – 1989, Жалағаш кенті) – жырау. Жасынан өлеңге құмар болып, Сыр сүлейлерінің жыр-термелерін, қисса-дастандарын жаттап өскен. Кейіннен өзі де өлең шығарған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Балқы Базардың ұмытылып бара жатқан жырларының қайта жаңғыруына көп үлес қосты. Ақжолов әрі жырау, әрі суырыпсалма айтыскер ақын. 1958, 1963, 1980 ж. облыстық, аудандық айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ол кезінде Ә.Жүргенбаев, З.Ибадуллаев, т.б. ақын-жыраулармен айтысқан. «Көроғлы», «Қақпандағы киік», т.б. дастандарды жырлаған. Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мырзағали Ақжолов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.