Кекіре себетбасы () – астралылар тұқымдасы себетбас туысына жататын көп жылдық шөптесін монотипті өсімдік. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан Кетпен тауына дейінгі аймақта, Күнгей, Іле Алатауында кездеседі. Кекіре себетбасының биіктігі 20 – 60 см. Жуан тамырынан тік, дара сабағы өсіп шығады. Етженді жапырағының шеттері тілімденіп келеді. Қызғылт-күлгін түсті себет гүлдері шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Тұқымы сырты тегіс, ұзынша келеді (ұзындығы 5 – 6 мм), оның айдаршасы ақ түсті. Кекіре себетбасы – өте сирек кездесетін өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Тараз Энциклопедиясы

Дереккөздер

Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том Қазақ Мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Сыртқы сілтемелер кекіре галерея Василек

Санат:Күрделігүлділер Санат:Монотипті өсімдіктер