Еркін Лутфуллаұлы Бекмұхамедов (1934 жыл, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992).

Өмірбаяны

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бетпақдала тәжірибе станциясының мал азығын өндіру бөлімінде кіші ғылыми қызметкер. Мойынқұм құмдарында шөп егу, зерттеумен (1959–1963) айналысты. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының жайылымын жақсарту бөлімінің кіші ғылыми қызметкері (1963–1969). Алматы облысының шөл аймағын зерттеумен айналысты (1965–1968). Қазақтоғай-жайылым ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1969–1991). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) мал азығын өндіру, агрономия мен ботаника кафедрасының доценті (1991–1993). Куба Республикасында мал азығы және жайылым тәжірибе станциясында ғылыми кеңесші қызметін атқарған.

Ғылыми еңбектері «Қазақстанда шөп өндірудің агробиологиялық ерекшеліктері мен оны егудің технологиясы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми еңбегі жарияланған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан агрономдары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты қызметкерлері Санат:Қазақтоғай-жайылым ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары