Тассуат – Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны Қарағанды облысындағы Нұра ауданындағы жерінде орналасқан. Көл Тассуат ауылының оңтүстік-батысында (21 км), Щербаковское ауылының солтүстік-шығысында (14 км), теңіз деңгейінен 416 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 18,2 км2 (кей жылдары 16,5 км2), ұзындығы 7,6 км, енді жері 2,6 км, ең терең жері 1,7 м. Жағалау сызығының ұзындығы 37 км. Су жиналатын алабы 168 км2. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы кермек татиды. Қарашада қатып, сәуірде мұзы кетеді.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық, түбі лайлы.Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Негізінен мал суаруға пайдаланылады, алабы жайылым. Жағалауларындағы қамысқа қаз, үйрек, т.б. су құстары ұя салады.
Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы