Семилово — Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында, Пресновка ауылынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 9,4 км2, ұзындығы 5,4 км, енді жері 2,5 км, жағалау сызығы 15,2 км, терең жері 1,5 м. Көл суының көлемі 400 мың м3.

Жағалау сипаты Көл қазаншұңқыры көне Суери өзенінің аңғарында жатыр. Жағалауларының биіктігі 1-4 м. Суының минералдылығы өте жоғары. Жаз айларында түбіне ас тұзы ретінде пайдалануға болатын тұз қабыршақтары шөгеді. Жағалаулары ашық, көлдің шығысы мен оңтүстік жағалауларында құрақ өседі. Көлде үйрек, шағала, сұр тырна, т.б. құстар мекендейді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері