Плутоний (лат. Plutonіum; Pu) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы жасанды жолмен алынған алғашқырадиоактивті химиялық элемент; атомдық нөмірі 94, салыстырмалы атомдық массасы 244,0642, актиноидтар тобына жатады. Плутонийді 1940 жылы американдық ғалымдар Г.Сиборг, Э.Макмиллан, Дж.Кеннеди және А.Валь ашқан. Олар ²³⁸U элементін ауыр сутек ядросы дейтериймен сәулелендіру арқылы ²³⁹Pu-ді алды. Массалық сандары 232-ден 246-ға дейін болатын 15 изотопы белгілі. Ең тұрақты изотопы ²⁴⁴Pu (Т½ = 7,5•107 жыл, сәуле шығарғыш).
Плутоний жылтыр, күмістей ақ металл, морт; тығыздығы 19,80 г/см³, балқу t 640 °С, қайнау t 3350 °С, 112 °С-тан төмен температурада моноклинді -фазасы тұрақты. Тотығу дәрежелері +3-тен +7-ге дейін, тұрақтысы +4. Түйірлі Плутоний ауада баяу тотығады, ұнтақ және жаңқа күйінде өздігінен тұтанғыш плутоний — өте улы, адам ағзасына түскенде сүйектер мен бауырда жиналады.
Қыздырғанда галогендермен, H2, N2, S, NH3-пен, сумен баяу әрекеттесіп, HCl, HСlO4, H3PO4-терде ериді, концентрлі HNO3 пен H2SO4-те салғырттанады. Көптеген металмен аралық металлидтер түзеді. Плутонийдің (ІV) оксиді PuO2 — сарғыш қоңыр түсті кристалды ұнтақ, сәйкес гидроксиді Pu(OH)4 қышқылдармен тұз түзеді; нитраттары, фторидтері және тағы басқа тұздары өте күрделі технологиялық процестерде плутонийді ураннан бөліп алуда пайдаланылады. Плутоний ядролық реакторларда, ядролық, термоядролық қаруларда т.б. қолданылады. 238Pu изотопынан қуаты 5, одан да көп жылға жететін атомдық электробатареялары жасалады.
Пайдаланылған әдебиет</span> “Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
Санат:Радиоактивті элементтер Санат:Химиялық элементтер Санат:Металдар Санат:Актиноидтар *