Сарыторғай, Жетіқыз – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысының Ұлытау және Қостанай облысының Амангелді аудандары жерімен ағады.

Бастауы Ұлытаудағы Сарлық және Қаражыланды жылғаларының қосылған жерінен басталып, Екідің ауылы тұсында Қараторғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 123 км. Су жиналатын алабы 5880 км2. Ірі салалары - Тамды, Терісбұтақ, Ханшаболған. Аңғары Тамдының сағасына дейін 1,5-3 км, Терісбұтақ сағасынан 80-100 м, Ханшаболған сағасынан төмен кеңейіп, 10 км-ге жетеді. Арнасы тік жарлы (4 м), ені 20-400 м. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Екідің аулының тұсында 5,64 м3/с. Суы жазда ауыз суға, мал, жайылым суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері