Сарыжаз – Тәңір тауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы жота. Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан жерінде, Инелшік пен Сарыжаз өзендері аралығында орналасқан.
Жер бедері Ұзындығы 50 км. Абсолюттiк биіктігі 4799 м. Сарыжаз жотасы көбіне метаморфтанған тақтатас пен әктасты интрузивті граниттен түзілген.
Өсімдігі Беткейлерінде биік тау шалғындары өседі. Тау бастарында бірнеше мұздықтар бар. Тау етегі — жайлау.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары Санат:Қырғызстан таулары Санат:Тәңір тауы