Сарыжал – Қалба жотасының оңтүстігіндегі таулы жота.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы жерінде орналасқан. Зайсан көлінен солтүстік-батысқа қарай 160-180 км жерде.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1008 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 35-40 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Баурайынан бірнеше бұлақ бастау алады. Шығыс етегімен Шар, батысымен Бөке өзендері ағып өтеді, тау беткейлері көлбеу.

Геологиялық құрылымы Негізінен орта және жоғарғы карбонның гранит, порфир жыныстарынан түзілген. Алтын кен орындары (Юбилейный, Ақдіңгек) бар.

Өсімдігі Етегіндегі қуаң сұр топырақта қараған, тобылғы өседі.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары