Сарыкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Сарыкөл ауданы жерінде Сарыкөл кентінің шығысында орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 37,9 км2, ұзындығы 8,2 км, ені 6,2 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 24,6 км. Орташа тереңдігі 1,6 м.
Жағалау сипаты Көл жағалауы жайпақ, жағасы құмайтты, биіктігі 0,5-1 м. Солтүстігі мен шығысындағы шығанақ жағалауында қамыс, құрақ өседі. Түбі тегіс, лайлы. Көл жағалауына салынған 2 бөгет бар. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Балық өсіріледі.
Санат:Сарыкөл ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы