Олеарий, Ольшлегер Адам (1603 – 1671) – неміс ғалымы, саяхатшы.Қазақ энциклопедиясы 7- том, Описание путешествия в Московию и через Московию в Персию и обратно, СПб., 1906. Ж. Шалғынбай1633 жылы Шлезвиг-Гольштейн елшілігінің құрамында Мәскеуге, 1635 – 39 жылдары Ресей арқылы Иранға саяхат жасады. 1647 жылы Олеарий Шлезвиг қаласында осы сапары жайында еңбегін жариялады. Онда 17 ғасырдағы Ресей тарихы, оның оңтүстік көршілері Орта Азия халықтары туралы көптеген мәліметтер бар. Бұл еңбекке осы халықтардың өмірінен үзінді келтірген суреттер де берілген.
Ішкі сілтемелер Саяхатшы Орта Азия Дереккөздер
Санат:Ғалымдар