Сарымолдаев (1992 жылға дейін — Кузьминка)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Сарымолдаев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылының шығыс іргесінде, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен8422 11556 137,2 4212 5804 137,8 4210 5752 136,6
Тарихы Ауыл 1991 жылға дейін "Кузьминка" деп аталып келген. Іргесі 30-жылдары қаланды. 1936 – 97 жылдары қызылша өсіретін «Красный восток» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Сарымолдаев ауылында және округке қарасты Екпінді, Ойтал ауылдарында «Жылыбұлақ» АҚ, «Ақарал», «Талдыбұлақ» ӨК-тері ұйымдастырылған.
Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романында ауылдың бұрынғы аты Маңырақ болғандығы жазылған.
Инфрақұрылымы 2 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, 1 мәдениет үйі, кітапханалар, 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Ауылда аудандық "Меркі тынысы" баспасы, аудандық сот мекемесі, жолаушылар тасымалдау кәсіпорыны, өрт сөндіру мекемесі, аудандық зейнетақы төлеу орталығы, бір мектеп-интернат, "Болашақ" колледжі орналасқан.
Ауыл іргесінен Қызтоған өзені өтеді.Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы елді мекендері