Владимир Степанович Новокшенов (1926 ж.т., Ресей, Омбы облысы Тара қ.) – техника ғылымдарының докторы (1987).

Томск политехникалық институтын бітірген (1949). Томск электрмеханикалық зауытында инженер, бас энергетиктің орынбасары (1953–1956), Томск политехникалық институтында аспирант, ассистент, доцент (1953–1963), Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) мен Алматы энергетика және байланыс институтында доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды (1963–1987). Ғылыми еңбектер 140-тан астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:1926 жылы туғандар Санат:Тарада (Омбы облысы) туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Томск политехникалық институты түлектері Санат:Томск политехникалық институты оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Алматы энергетика және байланыс университеті оқытушылары