Еркін Нұржанұлы Әуелбеков (22.06.1930, қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы, Жаңасу ауылы — 29.01.1999, Алматы) — мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1973).
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Солтүстік Қазақстан облысының Коноваловский МТС-нда бас агроном, директор; Марьевский кеңшарында директор болып қызмет атқарды. 1961 — 65 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1965 жылы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары; 1968 жылы Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі; 1968 — 85 жылдары Көкшетау, кейіннен Торғай облысы партия к-ттерінің 1-хатшысы; 1985 — 88 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы; 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары; 1991 — 92 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылған."Қазақ Энциклопедиясы"
Сыртқы сілтеме ҚАЙРАТКЕР (Еркін Әуелбеков)
Дереккөздер
Санат:22 маусымда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Ғабит Мүсірепов ауданында туғандар Санат:29 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Торғай облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР-інен КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан округтерінен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Кеңшарлар директорлары Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері