Ащылы өзек – Тасмола өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Құрылыс ауылының шығысынан 5 км жерден алады.
Гидрологиясы Ұзындығы 30 км. Су жинайтын алабындағы сортаңдау қара топырағында бетегелі боз өсімдіктер, жайылмасында әр түрлі шалғынды өсімдіктер өседі. Өзенге жалпы ұзындығы 14 км болатын 3 сала құяды. Негізінен қар суымен толығады. Жазда кеуіп, қарасуларға бөлініп қалады. Суын жайылымдарды суландыруға пайдаланады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы