Садық Әбдіжаппаров (15.7.1925, Бәйдібек ауданы Алғабас кеңшары – 31.7.2004, Алматы қ.) – Кеңес Одағының Батыры (22.7.1944).Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, полковник. Ысты руынан шыққан.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі 1943 ж. өз еркімен майданға аттанып, 90-гвардиялық атқыштар дивизиясында пулеметші болды. Калинин, І-Балтық жағалауы майдандарында Великие Луки, Невель, Витебск, Полоцк, Шяуляй, Клайпеда қалалары үшін болған шайқаста ерліктің үлгісін көрсетті. 1944 ж. 24 маусымда Бат. Двинадан жалғыз өзі жүзіп өтіп, жау пулеметінің ұясын талқандады және 30 шақты неміс солдатын өлтірді.

Соғыстан кейінгі қызметі 1954 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді. 1961 ж. мемлекеттік қауіпсіздік органдарына шақырылып, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Тергеу тобының тергеушісі, одан кейін жедел уәкіл, аға уәкіл, бөлімше бастығының орынбасары, бөлімше бастығы болды. 1971 ж. Киев қ-ндағы КСРО МҚК басшылық және құрам білімін арттыру курсын аяқтады. Ол сондай-ақ Қазақ КСР-інің Әділет министрлігінде, Түркімен КСР-інің Ашхабад қалалық 3 учаскелік халық соты, Түркімен КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бөлім бастығы, Петропавл, Шымкент қалалары прокурорының көмекшісі болып қызмет істеді. Ленин, 3-дәрежелі «Даңқ», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.

Қызықты фактілер КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы әнші Роза Бағланованың алғашқы күйеуі. Соғыстан кейін екеуі Бәйдібек ауданы, Жүзімдік аулында үйленген, кейін ажырасқан.

Дереккөздер

Санат:Бәйдібек ауданында туылғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері