Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов (10.5.1933, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қазан ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976), ҚР ҰҒА-ның академигі (1994).

Мәскеу Нәзік химия-технологиялық институтын (1956) және аспирантурасын (1962) бітірген. Қарағанды синтетикалық каучук зауытында технолог (1956–1958), ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1963–1978). Қазақ ұлттық техникалық университетінде проректор (1978–1994), ректор (1994-2000) болды. 2000 жылдан профессор қызметін атқарды.

«Исследование в области радикальной сополимеризаций простых винилловых эфиров с некоторыми винилловыми мономерами» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 600-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. «Құрмет» (1998), «Парасат» (2004) ордендерімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Шығырмалары Простые виниловые эфиры в радикальной полимеризаций, А.-А., 1985; Новое о полимерах и их применений, А.-А., 1988; Физико-химические и биокибернетические аспекты онкогенеза, А., 1991; Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, А., 1995; Органикалық химия, А., 1999.

Дереккөздер

Санат:10 мамырда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері