Рая Садуақасқызы Айдарқұлова — ғалым-микробиолог, биология ғылымдарының кандидаты, ұстаз.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1976 жылы 18 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қазақстан ауылында туған.

1993 жылы Қазақ мелекеттік қыздар педагогикалық институтын оқуға түсіп, білім ордасын 1997 жылы "Биология-экология пәнінің мұғалімі" мамандығын үздік бітіріп, еңбек жолын қазіргі Астана қаласындағы №21 орта мектепте мұғалім болып бастады. Әр жылдары Астана қаласында №39 қазақ орта мектебінің мұғалімі әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ассистенті, Агрономия факультеті деканының тәрбие жұмысы жөнідегі орынбасары, аға оқытушы, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, Биология ғылымдары кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына түсіп, биология ғылымдарының докторы, профессор А. Әбжәлеловтың жетекшілігімен "Мұнаймен ластану деңгейін анықтау үшін биологиялық тест-жүйелерін пайдалану" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын орындады. Сонымен қатар аталған университетте "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды.

Ғылыми бағыты, еңбектері 2010 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор А. Науанованың жетекшілігімен "Микробиология" мамандығы юойынша "Cladosporium және Chaetomium туысына жататын целлюлозаны ыдыратушы саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – ауылшаруашылық дақылдары қалдықтарының микроағзалармен ыдырауы нәтижесінде топырақта қарашіріктің түзілу мәселесі. 65-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрді, оның ішінде 1 мақала Web of Sciences және 1 мақала Scopus базасына кіретін журналдарға шыққан. 5 авторлық куәлік алып, 4 оқу құралы, 1 электронды оқу құралы, 6 әдістемелік нұсқаулық және 3 оқу-әдістемелік кешенін даярлады. Микроағзаларды депонирлеу жөніндегі 13 куәліктің авторы. Р. Айдарқұлова университетте "Биохимия", "Генетика" және "Микробиология" пәндерінен бакалавриат пен магистратурада дәріс жүргізеді және "Топырақ биотасы" пәнінен докторанттарға ағылшын тілінде сабақ береді. Ғалым-ұстаздың жетекшілігімен бірнеше магистранттар даярлықтан өтті.

Марапаттары С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің Құрмет Грамотасы; Астана қаласының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының Алғас хаты; "Жылдың 100 үздік биология мұғалімі" төсбелісі.Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Команда.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Қазақстан педагогтары