Сэр Патрик Стюарт (; 13 шілде 1940, Уэст-Йоркшир – 28 қазан 2026, Лос-Анджелес, Калифорния) — ағылшын актёрі. 60 жылдан астам созылған мансабы бойы ол кинематографияда да, сахнада да өнер көрсетіп келді, түрлі марапатқа, соның ішінде екі мәрте Лоренс Оливье сыйлығына және бір мәрте Грэммиге ие болды, Тони жүлдесіне, үш рет Алтын глобусқа, төрт Эммиге және үш рет Киноактёрлер гильдиясының сыйлығына ұсынылды. 2010 жылы королева II Елизабет оған драмадағы еңбегі үшін сэр атағын сыйлады.

1966 жылы Стюарт Корольдік Шекспир компаниясы (RSC) мүшесі атанды. Бродвей театрындағы дебютін ол 1971 жылы «Жазғы түндегі ұйқы» қойылымында рөлімен жасады. 1979 жылы ол Қолдаушы рөл сомдаған үздік актёр категориясында Лоренс Оливье сыйлығымен марапатталды. Стюарт телевизиядағы тұңғыш рөлін 1967 жылы «» сериалында сомдады.

Стюарт халықаралық деңгейдегі кино жұлдызы атағына «» (1987–1994) ғылыми фантастикалық сериалындағы рөлі арқасында келді. Рөліне ол 1994–2002 және 2020–2023 жылдары оралды.

Стюарт, оған қоса, «Икс Адамдар» кинофраншизасында профессор Чарльз Ксавьер рөлін сомдағаны үшін белгілі еді.

Тағы қараңыз Star Trek

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер