Джеймс Лоренс Брукс (; 9 мамыр 1940 ж. туылған) — америкалық кинорежиссер, сценарийші және продюсер, Gracie Films компаниясының негізін қалаушы.

«222-бөлме», «Мэри Тайлер Мур шоуы», «Рода», «Лу Грант» және «Такси» телесериалдарының авторы. Кейіпкерлері өзі продюсерлік еткен «Трейси Ульман шоуы» бағдарламасында алғаш рет пайда болған «Симпсондар» мультсериалының әзірлеушілерінің бірі. «Мейірімділік тілі», «Телевизиялық жаңалықтар» және «Бұдан артық болмайды» фильмдерінің авторы әрі қоюшысы.

Үш мәрте «Оскар», «Алтын глобус» және 21 рет «Эмми» сыйлығының иегері.

Өмірбаяны Джеймс Лоренс Брукс Бруклинде (Нью-Йорк) еврей отбасында дүниеге келіп, Норт-Бергенде (Нью-Джерси) өскен. Телевизиялық мансабын CBS арнасынан бастады, мұнда 1964–1966 жылдары сценарийші болып жұмыс істеді. Содан кейін ABC телеарнасына ауысып, «222-бөлме» телесериалымен айналысты. Осыдан кейін ол назарға ілігіп, кейінгі жылдары оның қатысуымен АҚШ-та «Мэри Тайлер Мур шоуы» (бағдарлама үлкен коммерциялық табысқа жетті), «Рода», «Такси» және тағы басқа да көптеген әйгілі телешоулар дүниеге келді.

1978 жылы Брукс үлкен киноға келді, оның алғашқы жұмысы «Қайта бастау» фильміндегі сценарийші және қосалқы продюсер қызметі болды.

1984 жылы «Gracie Films» жеке телекомпаниясының негізін қалады, оның басшылығымен «Джерри Магуайер», «Үлкен», «Бұдан артық болмайды» сияқты танымал фильмдерге продюсерлік етті. Ең ауқымды әрі әйгілі жобаларының бірі — бүкіл әлемге үлкен танымалдыққа ие болған «Симпсондар» мультсериалы.

Ең үлкен режиссерлік жетістігі — 1984 жылы 5 «Оскар» сыйлығын алған «Мейірімділік тілі» фильмі. Ол кинематография тарихында бұл марапатты дебюттік фильмі үшін алған алты режиссердің бірі.

Дереккөздер

Санат:АҚШ телережиссерлері Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (продюсерлер) Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері Санат:Америка режиссерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Америка сценарийшілер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Америка продюсерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері