MTV Europe Music Awards (жиі MTV EMA деп қысқартылады) — Paramount International Networks компаниясы бұқаралық мәдениет саласындағы әртістер мен музыканы марапаттау үшін тағайындаған сыйлықтар. Бастапқыда бұл марапат АҚШ-та жыл сайын өтетін MTV Video Music Awards сыйлығының баламасы ретінде ойластырылған болатын. Еуропа музыкалық марапаттау рәсімі жыл сайын әртүрлі елде өткізіледі; көбінесе ол Ұлыбритания мен Германияда ұйымдастырылды. Жыл сайынғы салтанатты рәсімде танымал әртістер өнер көрсетеді және көпшілік арасында үлкен қызығушылық тудыратын марапаттар табысталады.
Бұл марапаттар халықаралық және құрлықтық музыкалық ортаның көрінісі болып табылады. Олар географиялық текті, сондай-ақ әртүрлі музыкалық жанрлар мен бағыттардағы жетістіктерді көрсетеді, бұл шоудың әртүрлілігі мен ауқымын айқындайды. 2007 жылғы рәсімнен бастап көрермендер MTV веб-сайтына кіру арқылы барлық негізгі санаттар бойынша өздерінің сүйікті әртістеріне дауыс бере алады.
MTV Europe Music Awards марапаттарының алғашқы рәсімі 1994 жылы Германияның Берлин қаласындағы Бранденбург қақпасы жанында, Берлин қабырғасы құлағаннан кейін бес жыл өткен соң өтті. Жыл сайынғы рәсім MTV Europe, Channel 5 және халықаралық MTV арналарының көбінде, сондай-ақ интернетте тікелей эфирде көрсетіледі.
Марапаттау санаттары Дауыс беру үшін 17 негізгі санат («Main Categories») және 31 жергілікті санат қолжетімді. «Үздік бейнеклип» және «World Wide Act» марапаттарын MTV музыкалық редакциялық тобы таңдайды және оларға дауыс берілмейді. Дауыс беру кезінде қатысушылар 13 жаста немесе одан үлкен болуы тиіс және Viacom International, Inc. («VIMN») компаниясының бөлімшесі болып табылатын Viacom International Media Networks ұйымының, немесе оның кез келген бас компаниясының, филиалдарының немесе туыстас компанияларының қызметкері, агенті немесе өкілі бола алмайды.
Қазіргі негізгі санаттар
Үздік ән Үздік бейнеклип Үздік әртіс Үздік жаңа әртіс Үздік Push әртісі Үздік поп-орындаушы Үздік рок-орындаушы Үздік хип-хоп орындаушы Үздік R&B орындаушы Үздік электронды музыка орындаушысы Үздік альтернативті музыка орындаушысы Үздік K-pop орындаушы Үздік латын америкалық орындаушы Үздік афробитс орындаушысы Үздік концерттік қойылым Үздік бірлескен жұмыс Үздік жанкүйерлер
Аймақтық номинациялар Еуропа
Үздік балтық елдерінің әртісі Үздік бельгиялық әртіс Үздік голландиялық әртіс Үздік француз әртісі Үздік неміс әртісі Үздік мажарлық әртіс Үздік израильдік әртіс Үздік италиялық әртіс Үздік солтүстік елдердің әртісі Үздік поляк әртісі Үздік португалдық әртіс Үздік испандық әртіс Үздік швейцариялық әртіс Үздік Ұлыбритания және Ирландия әртісі Үздік украиндық әртіс
Әлемнің қалған бөлігі
Үздік африкалық әртіс Үздік аустралиялық әртіс Үздік бразилиялық әртіс Үздік канадалық әртіс Үздік үндістандық әртіс Үздік жапондық әртіс Үздік кореялық әртіс Үздік Үлкен Қытай әртісі Үздік Солтүстік Латын Америкасы әртісі Үздік Орталық Латын Америкасы әртісі Үздік Оңтүстік Латын Америкасы әртісі Үздік карибтік әртіс Үздік жаңа зеландиялық әртіс Үздік Оңтүстік-Шығыс Азия әртісі Үздік америкалық әртіс Үздік азиялық әртіс
Ең көп номинация алған және жеңіске жеткен әртістер 2023 жылғы мәліметтерге сәйкес, Europe Music Awards марапатын ең көп қанжығасына байлаған рекордшы — 22 жүлдеге қол жеткізген Джастин Бибер. Әйел әртістер арасындағы көшті 19 марапат жинаған Тейлор Свифт бастап тұр. Ал ұжымдар арасында 14 марапатқа ие болған BTS тобы үздік шықса, қыздар тобы (girl group) арасындағы рекорд 7 жүлде еншілеген Little Mix ансамбліне тиесілі.
Ең көп марапат алғандар (2024 жылғы жағдай бойынша)
Әртіс Жылдар Марапат саны Жеңіп алған марапаттары Джастин Бибер 2010–2016 22 Үздік ер әртіс (6), Үздік канадалық әртіс (4), Үздік поп-орындаушы (2), Үздік солтүстік америкалық әртіс (2), Үздік жанкүйерлер (2), Үздік World Stage қойылымы (1), Үздік ән (1), Үздік бірлескен жұмыс (1), Үздік сыртқы келбет (1), Үздік Push әртісі, MTV Voice Award. Тейлор Свифт 2012–2024 19 Үздік америкалық әртіс (4), Үздік бейнеклип (4), Үздік концерттік қойылым (3), Үздік әртіс (3), Үздік әйел әртіс (1), Үздік поп-орындаушы (1), Үздік сыртқы келбет (1), Үздік ән (1), Үздік ұзын формалы бейне (1). Эминем 1999–2017 14 Үздік хип-хоп орындаушы (10), Үздік ер әртіс (2), Үздік альбом (2), Жаһандық икона марапаты. BTS 2015–2022 Үздік жанкүйерлер (5), Үздік топ (4), Үздік кореялық әртіс (1), Үздік K-pop орындаушы (1), Үздік поп-орындаушы (1), Үздік ән (1), Үздік виртуалды концерт (1). Леди Гага 2009–2020 12 Үздік әйел әртіс (3), Үздік ән (2), Үздік поп-орындаушы (1), Үздік бейнеклип (1), Үздік жанкүйерлер (1), Үздік әртіс (1), Үздік сыртқы келбет (1), Үздік америкалық әртіс (1), Үздік жаңа әртіс. Ники Минаж 2012–2023 Үздік хип-хоп орындаушы (8), Үздік ән (1), Үздік бірлескен жұмыс (1), Үздік сыртқы келбет (1), Үздік америкалық әртіс (1). One Direction 2012–2015 Үздік Ұлыбритания және Ирландия әртісі (3), Үздік поп-орындаушы (3), Үздік жанкүйерлер (2), Үздік еуропалық әртіс (2), Үздік концерттік қойылым (1), Үздік жаңа әртіс. Шон Мендес 2015–2019 11 Үздік әртіс (2), Үздік канадалық әртіс (3), Үздік жанкүйерлер (1), Үздік әлемдік әртіс (1), Үздік концерттік қойылым (1), Үздік ән (1), Үздік ер әртіс (1), Үздік Push әртісі, Үздік жаңа әртіс. Linkin Park 2002–2014 10 Үздік рок-орындаушы (5), Үздік топ (2), Үздік World Stage қойылымы (2), Үздік концерттік қойылым (1).
Ең көп номинация алғандар (2024 жылғы жағдай бойынша)
65 номинация Тейлор Свифт
52 номинация Джастин Бибер
43 номинация Ариана Гранде
42 номинация Бейонсе Леди Гага
37 номинация Эминем
34 номинация Кэти Перри
32 номинация Ники Минаж
31 номинация Coldplay
30 номинация Рианна
24 номинация Робби Уильямс
23 номинация Канье Уэст
22 номинация Linkin Park
21 номинация BTS Дэвид Гетта
20 номинация Джастин Тимберлейк
Дереккөздер
Санат:MTV Europe Music Awards Санат:Еуропа музыкалық сыйлықтары