Никушор Даниел Дан (; 20 желтоқсан 1969, Фэгэраш, Брашов жудеці) — румыниялық саясаткер және математик, 2025 жылғы 26 мамырдан бергі Румыния президенті.

Бұрын Дан Бухарест қаласының примары (мэрі) болған.

Ерте жылдары Дан 1969 жылы Фэгэраш қаласында дүниеге келген.

Дан жас кезінен математикамен айналысып, 1987 жылғы Халықаралық математика олимпиадасында 100% нәтиже алып, алтын медальға ие болады. 1988 жылы ол дәл сол нәтижені тағы көрсетеді.

Кәмелет жасқа толғанда ол Бухарестке көшіп, Бухарест университетінде оқуын бастайды.

Саяси мансабы 2024 жылғы қарашада Румынияда президент сайлауы өтті және алдын ала нәтиже жеңімпаз деп Кэлин Джорджескуны айтты. Алайда Румыния жоғарғы соты сайлауға Ресей араласты деген пайымдауға келіп, келесі жылы Джорджескуның қатысуынсыз сайлау өткізді.

2025 жылғы 4 мамырда өткен президент сайлауында Румынияны құтқару одағынан қолдау алып, бірінші айналымда сәтті болады. 18 мамырдағы екінші айналымда ол дауыстың 54%-ін жинап, оңшыл еуроскептик кандидат Джордже Симионға қарсы жеңді.

Дереккөздер

Санат:Румыния математиктері Санат:Румыния саясаткерлері Санат:Румыния президенттері Санат:Румыния профессорлары Санат:Румыния депутаттары Санат:Бухарест примарлары Санат:Румынияны сақтау одағы мүшелері