Рақ қорғандары — Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Қарабау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км қашықтықта орналасқан, 10 обадан тұрады. Ескерткіштерді алғаш рет 2007 жылы М.Касенов анықтап, мемлекеттік ескерткіштер қорғауына алынған.Археологиялық қазба жұмыстары 1, 7, 7А обаларында жүргізілді.«Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» ғылыми мақалалар жинағы. – Астана: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, 2022. – 416 б.
Орналасуы Рақ мола деп аталатын биік төбеге орналасқан. Әр түрлі көлемдегі: 10-35 метр аралығындағы 10 қорғаннан тұрады. Төбелі жерде орналасқан. Батыстан шығыс бағытында тізбектелген.Рақ қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. Атырау, 2021 (Касенов М.С.)
Қазба жұмыстары Қазба жұмыстары барысында, обаның орталық бөлігі анықталып С-О өсі бойынша кесінді қабат (1 м) қалдырылып, шығыс және батыс болып 2 секторға бөлінді. Топырақ үйіндісін тазарту барысында 2 м (материк деңгейінен) тереңдіктен 1 жерлеу орны анықталды. Қабір ішінде сүйек қалдықтары жатыр.
Оба 7. Оба үйіндісінің диаметрі 35 м, ең биік нүктесі 1,2 м шеңбер пішінінде. Оба үстін өсімдік жамылғысы жапқан. Үйінді топырағы дөңестеліп үйілген. Обаның ені 0,6 м СО-ШБ өсінде кесінді қабат қалдырыла отырып 4 секторға бөлініп қазылды. Обаның секторларының үйінділері 0,4 м төменге түсу арқылы алынды. Оба үйіндісі бір қабаттан тұратын құмды топырақтан үйілген. Обаның СБ секторынан 1-2 қабір, ОБ секторынан 3 қабір (обаның негізгі қабірі), ОШ секторынан 4 - 5 қабірлер анықталды.
1 қабір. Қабір СБ секторының орталық бөлігінде орналасқан. Көлемі: 2х1 м қабір материк деңгейінде орналасқан. Ұзындығы 180 см басы оңтүстікке қаратылған ер адам қаңқасы анықталды. Бет бейнесі шығысқа қаратылған, оң қолы тік, сол қолы жанбас тұсына айқастырылып қойылған. Оң қолының астында ұзындығы 65 см болатын ақинақ қойылған.
2 қабір. Қабір СБ секторының батыс бөлігінде 1 қабірден батысқа қарай 4 м жерде материк деңгейінде орналасқан. Қабірдің көлемі: 2х1,2 м. Бойы - 168 м, басы солтүстікке қаратылып жерленген әйел қаңқасы анықталды. Бір қырымен бүктеліп жатыр (эмбрион түрінде) қолының солтүстік бөлігі жағында қатты сынған керемикалық ыдыс қалдығы анықталды. Басының жоғарғы бөлігінде 25х10 см, ені 3 см болатын құрбандық тасы орналасқан. Уақыты: ерте темір дәуірі.
3 қабір. Қабір ОБ секторын тазарту жұмыстары негізінде обаның орталық бөлігінен анықталы. Сұлбасы қара күйе топырақ кейіпінде байқалды. Қабірдің көлемі: 3,20х3 м. Қабірді тазарту жұмыстары негізінде 40 см тереңдіктен сүйек ұршық тас табылды. Қабірдің жалпы тереңдігі – 2,90 м. Қабірді толықтай тазалап біткеннен соң, қабірдің шығыс бөлігінде адам сүйектері және малдың сүйектері анықталды және 2 ер адамның бас сүйегі табылды. Оба өз заманында қатты тоналғандығы анықталды. 3 қабір обаның негізгі қабірі болып белгіленді.
Обадан табылған қола дәуіріне тиесілі қабірге қарап бұл өлке сол заманның өзінде ақ адамға жайлы қоныс болғандығын айқындайды. Міне осындай тұрмысқа қолайлы аудандарға ерте темір кезеңі ескеткіштері де, мол шоғырланған. Көптеген тұрақтар мен жүздеген обалар салынған. Сонымен бірге сауда жолдары да тұшы сулы құдықтарды бойлай Тайсойған құмымен керуен жолдары өтті. Сауда-саттық дамыды. Құм алқаптары ортасындағы «оазис» көкалқап жерлерге темір дәуірі кезеңде адамдар жапай қоныстанды. Сондай көк алқапты бірі Қарабау тақыры болған.
Дереккөздер
Санат:Қорғандар Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстан обалары Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері