Красный Яр археологиялық қонысы — Ақмола облысы, Көкшетау маңында орналасқан. Красный Яр қонысында ежелгі ботайлықтардың өмір салты мен дүниетанымдық-қасиетті контекстерін зерттеуге арналған ғылыми жоба аясында археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Қазба жұмыстары кезінде артефактілер – қыш ыдыстар, жебе ұштары, т.б. табылды. Осы олжалардың арқасында Ботай мәдениетінің ғылыми, тарихи, танымдық қызметі жанданып, Ботай музей-қорығының қоры толығады.
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері