Еуропалық киноакадемия — еуропалық киноиндустрияның мүдделерін қорғап, ілгерілететін бейкоммерциялық қауымдастық. Академия жыл сайын кинематографистер мен үздік туындыларды Еуропалық кино сыйлығымен марапаттайды. Марапаттау рәсімі әрбір жұп жылы Еуропаның әртүрлі қалаларында, ал тақ жылдары Берлин қаласында өткізіледі.

Тарихы Еуропалық киноакадемия 1988 жылдың қараша айында Берлинде Еуропалық кино сыйлығының алғашқы табысталу рәсіміне жиналған еуропалық кинематографистер тобының бастамасымен құрылды.

1989 жылы оны швед режиссері Ингмар Бергман бастаған Бернардо Бертолуччи, Клод Шаброль, Душан Макавеев, Иштван Сабо және Вим Вендерс сынды Еуропаның түкпір-түкпірінен келген қырықтан астам киногер «Еуропалық кино қоғамы» (European Cinema Society) деген атпен ресми түрде негізін қалады. Бұл ретте Бергман академияның тұңғыш президенті болса, Вендерс төраға болып тағайындалды.

1990 жылы ұйым атауы «Еуропалық киноакадемия» болып өзгертіліп, бейкоммерциялық қауымдастық ретінде тіркелді.

1996 жылы президент қызметіне Ингмар Бергманның ізбасары ретінде Вим Вендерс келсе,Rossberg, O., and C. Rogers. "Biography." Wim Wenders. 1 2001. Wim Wenders Productions. 14 February 2008 . британдық продюсер Ник Пауэлл төраға болып сайланды.

2020 жылы ирландиялық-британдық кинопродюсер Майк Дауни төраға болып сайланды.

2021 жылы польшалық режиссер Агнешка Холланд Академия тарихындағы тұңғыш әйел президент атанды. Сол жылы Академия «EFA» аббревиатурасын қолдануды тоқтатып, өзін толық атауымен немесе жай ғана «Академия» деп атай бастады. Цифрлық және визуалды стилін жаңарту аясында 2021 жылдың тамыз айында Польшаның «Huncwot» агенттігі әзірлеген жаңа логотип таныстырылды.

2024 жылдың мамыр айында француз актрисасы Жюльет Бинош Агнешка Холландтың орнына президент болып сайланды.

Дереккөздер

Санат:1988 жылы құрылған ұйымдар Санат:Берлин ұйымдары Санат:Еуропа кинематографы