Let Go — канадалық әнші Аврил Лавиннің тұңғыш альбомы.

Альбом көп елдің чарттарында 1-ші орынға көтерілді, ал АҚШ-тың Billboard 200 және Еуропаның European Top 100 Albums тізімдерінде ол 2-ші орында тұрақтанды.

Дүние жүзі бойынша альбомның 16 миллион данасы сатылды, бұл Канададан шыққан әртістер үшін XXI ғасырдағы үздік көрсеткіш болды.

Туынды Грэмми сыйлығының «үздік вокалды поп альбом» номинациясына ілікті. Rolling Stone журналы оны онжылдықтың таңдаулы альбомдары ішінде 4-ші орынға орналастырды.

Композициялар тізімі

Дереккөздер

Санат:Аврил Лавин альбомдары