PopMatters — заманауи бұқаралық мәдениеттің көптеген аспектілерін қамтитын халықаралық электронды журнал. Басылым музыка, телевизия, фильмдер, кітаптар, бейнеойындар, комикстер, спорт, театр, бейнелеу өнері, саяхат және Интернет салаларындағы ең маңызды оқиғалар мен құбылыстарға шолулар, сұхбаттар және егжей-тегжейлі очерктер жариялайды.

Журнал авторларының қатарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, кәсіби журналистер және жас авторлар кіреді. Олардың көбі өз зерттеу салаларының беделді мамандары болып табылады. Басылымның ең танымал авторларының қатарына Дэвид Вейгель («Slate» саяси репортері), Стивен Хайден («Grantland» штаттық авторы және «Whatever Happened To Alternative Nation?» кітабының авторы), Роб Хорнинг («The New Inquiry» атқарушы редакторы) және бас редактор Карен Заркер кіреді.

Тарихы PopMatters сайтына бұған дейін мәдени зерттеулерге арналған PopCultures академиялық ресурсын құрған Сара Зупко негіз қалады. Журнал 1999 жылдың соңында әр түрлі медиа өнімдеріне түпнұсқа эсселер, шолулар мен сыни пікірлер ұсынатын серіктес сайт ретінде іске қосылды. Уақыт өте келе сайт апталық жарияланым кестесінен аптасына бес күндік журнал форматына көшіп, тұрақты шолулар, мақалалар мен айдарлармен толықты. 2005 жылдың күзінде ай сайынғы оқырмандар саны бір миллионнан асты.

2006 жылдан бастап PopMatters басылымы McClatchy-Tribune News Service агенттігіне арналған бірнеше синдикатталған газет айдарларын шығарды. 2009 жылға қарай апта сайын поп-мәдениетке қатысты төрт түрлі айдар жарық көріп тұрды.

PopMatters Book Imprint баспасы 2012 жылдың мамыр айында Titan Books компаниясымен бірлесіп, Мэри Монидің редакциялауымен «Joss Whedon: The Complete Companion» кітабын басып шығарды. Сондай-ақ бұл баспа 2008–2009 жылдары Counterpoint/Soft Skull баспасымен бірлесіп төрт кітаптан тұратын серия шығарды, олардың қатарында Закари Мехиконың «China Underground», Эдвард Вайтлок пен Дэвид Янссеннің «Apocalypse Jukebox: The End of the World in American Popular Music», Иэйн Эллистин «Rebels Wit Attitude: Subversive Rock Humorists» және Микита Броттманның «The Solitary Vice: Against Reading» кітаптары бар.

Дереккөздер

Санат:1999 жылы пайда болған сайттар Санат:АҚШ сайттары Санат:Музыкалық сайттар